«Латын қарпінде жазып дағдыланамыз» тренингі

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 15 мамыр 2019 жылы «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін талқылау болып өтті. Талқылауда орталық оқытушысы Копбаева Галия Исмаиловна мен орталық әдіскері Сыдыкова Гулжайна Нурмановна бекітілген әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен, оның ішіндегі қанша тараудан тұратындығы, басы қысқарған әріптердің шет тілден енген сөздерде таңбалануы, емле ережелерінің қандай принципке негізделіп құрылымданғаны жайында байындады. Талқылау соңы «Латын қарпінде жазып дағдыланамыз» тренингімен жалғасын тапты. Тренинг жаңа әліпбиге, емле ережесіне негізделіп, жасалынған тапсырмалар орындау, жазу, оқу дағдыларын дамыту негізінде өтті.
Әдіскер Ибраева А.С.