«Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК және «Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 15 сәуір Ғашықтар күніне орай, «Біз екеуіміз – Бір әлем» атты байқау өтті.
Байқаудың бірінші кезеңі «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз» деп аталып, жұптар өздерін таныстырды. Екінші «Екі жарты бір бүтін» кезеңінде жұптардың өнерлері сыңға түсіп, үшінші «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» кезеңінде ғашықтар туралы театрланған қойылым көрсетілді. Ал соңғы “Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?” кезеңінде жұптар сұрақтарға жауап беріп, өз дүниетанымдарын көрсете білді.
Сайыскерлерді Теміртау қаласы Тілдер дамыту орталығының директоры Ахметжанова Меруерт Бағдатовна,Теміртау қаласы жастар ресурстық орталығының әдіскері Даланбай Рыскүл, «Мирас» аспапты- вокалды ансамбілінің жетекшісі, аға ұстаз Шаймерденова Құралай Жунусовна, «Эдельвейс» спорттық би клубының жетекшісі Осипова Оксана Александровна, орталығымыздың әдіскері Ибраева Асем Сабитовна таразылады.
Әділқазылардың шешімімен І орынды «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенттері Ауелбекова Аниса мен Азиз Еликжан, ІІ орынды «№8 ЖББОМ» КММ оқушылары Оралбеков Арсен мен Серик Аяулым, ІІІ орынды «№10 ЖББОМ» КММ Манарбек Бақдәулет пен Абдукаимова Перизат иеленсе, «№17 ЖББОМ» КММ Арынтай Айдын мен Шнатаев Нұрзат шараға қатысып, өнерлерін көрсеткендері үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.
«Әлем» БЖО»КММ мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна