Жазғы демалыстың соңғы айы да туды, нағыз қарбалас кезең басталды. Тамыздың 29 – шы жұлдызында БЖО «Әлем» ғимаратында мектепке жол атты шарасы өтті. Шара аз қамтылған отбасы оқушылары үшін өте қажетті қайырымдылық дәстүр. Бұл ондаған баланың оқуға қажетті құралдарды иемденуіне, мектепке лайық киінуге мол мүмкіндік. Олай болса шараның мәні мен маңызы өте зор.
Жаңа оқу жылына қаланың әкім орынбасары Мырзахасимова Шолпан Хамитқызы жылы лебізін білдірді. «Ровесник» – театры оқушыларға тамаша көңіл күй сыйлап, «Силуэт» театры көрермендерді өз өнерімен таң қалдырды. Сондай – ақ «Антрэ», «Миркл», «Бэби шлягер» топтарының да қосқан үлестері көп болды.
Жаңа оқу жылы баршаңызға жақсылық әкелсін!
Мақала дайындаған:«Жас тілші» баспасөз орталығының жетекшісі Нұрлан Ж.З.