Мемлекеттік тіл – менің тілім

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздігіміздің  тірегі. Тіл – халықымыздың қазынасы, сан ғасыр  бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі.  Тіл қай  елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым болып саналатынын әрбір тұлға  түсінуге тиісті.

1989 жылы  22 қыркүйекте  тұңғыш рет  Қазақ КСР – нің  «Тілдер туралы»  заңы қабылданды, онда  қазақ тіліне «Мемлекетті тіл» мәртебесі берілді. Одан кейін  1997 жылы 11 шілдеде  Қазақстан Республикасының  «Тіл туралы»  Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі  – мемлекеттік тіл  деп нақты атап көрсетілген. Сондықтан, қазіргі таңда қазақ тілін үйреніп, оны құрметтеу  мемлекетіміздің әрбір азаматының міндеті.

2016 жылдың 24 қарашасы  мемлекеттік тіл күні бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  ұйымдастырылған  шаралардың бірі болып саналады. Осы күні «Әлем» балалар –  жасөспірімдер  бірнеше іс-шара өткізілді. Барлық  үйірмелерде  педагогтер мемлекеттік тіл туралы сабақтар өткізіп, еліміздің жетістіктерімен таныстырды. Орталықта қызмет ететін  45 қызметкер және осы күні  орталыққа  келген    280  тәрбиеленуші мен олардың  ата – аналары қазақ тілінде  амандасып,сөйлесуге тырысты, бір – біріне  жақсы лебіздерін айтты. Қазақ тілінде күнделікті бір – бірімен сөйлесе берсе сөздік қорларының да молайатынын әрбір бала, ата – ана болып түсінді. Бұл атаулы күннің негізгі мақсаты қазақ тілін әрбір азамат құрметтеп, үйреніп, бір – бірімен пікір алмасып, өз ойларын еркін айтып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру болды.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі ұрпақ еліміздің ертеңі, тіліміздің тірегі, еліміздің жүрегі қазақ тілін меңгеріп, оның мәртебесін көтере білсе нұр үстіне нұр болар еді. Осындай үлкен сеніммен еліміз келешекте талай биіктерді бағындаратына мен кәміл сенімдімін.

Мәңгілік Елімізбен бірге  – Мәңгілік тіл болуына жанашыр болатын халық өзіміз екенімізді әрқашанда мойындауға тиіспіз. Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер:                     Кунтуган К.