Менің рәміздерім - менің мақтанышым

4 маусым-ҚР мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай “Менің рәміздерім – менің мақтанышым” атты квест ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында балалар мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Республикасының облыстарын картадан тауып, көне руна жазбалары туралы мәлімет алып, өздері суретін салып, қазақтың “Асық ату” ұлттық ойынын және қимыл ойындарын ойнап, соңында тосын сый алды.