«Менің сүйікті кітабым» атты ойын бағдарламасы

2016 жылы 18 мамырда «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Талапкер» мемлекеттік тілді үйрету үйірмесінде «Менің сүйікті кітабым» атты ойын бағдарламасы өтті.

Бұл бағдарламаның мақсаты оқушылардың жыл бойы үйренгенін қорытындылап, олардың қазақ тілінен білімділік танымын өмірмен байланыстырып, мемлекеттік тілге деген қызғушылықтарын әрі қарай арттыру. Сонымен қатар оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулып, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Балалар екі топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Екі топта сайыста белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете алды.

Атап айтсақ, бірінші кезең топтарын таныстыру және топтың ұраны. Екінші кезең қызықты сұрақ – жаупта екі топтың балалары жақсы жауп бере білді. «Сыңарымда тап» атты ойынынада оқушылар үшін өте қызық болды.

Үшінші кезең «Білім – кілті кітапта» атты мақал – мәтелде балалар мақалдың жалғасын тез – тез тауып өздерін білімдерін көрсете білді. Осыдан кейін «Күрделі сөздер» ойынын ойынады. Бұл ойындада оқушылар өздерінің осал емес екендіктерін көрсетті. Төртінші кезеңде диалог арқылы көрініс көрсету. Әр топ кітап туралы көрініс көрсетті. Бесінші кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр» атты жұмбақ сайысы болды. Осы кезеңде де балалар жанталасып қатысқанның нәтижесінде бірінші топтың оқушылары алға шықты. Сайысымыз қызықты болу үшін әрі қарай балалар «Тізбек» ойынын ойнады. Әр ойын екі топтың оқушылары үшін қызықты әрі тартымды болды. Бесінші кезең «Сызбаны сай келетін жалғаулармен толтыр» атты тапсырма берілді бұл кезеңдеде бірінші топ дұрыс орындап көзге түсті. Ең соңында «Қошақаным» атты әнді хормен орындады. Осы есеп беру бағдарламасына Борисова Полина, Ерофеев Константина, Клепикова Елена, Саргаскаев Асадхан сынды оқушылар ерекше белсене қатысты. Бағдарламаның соңында барлық ата – аналарға және оқушыларға алғыс айтылып, мадақтама қағаздар тапсырылды.

Қосымша білім беруші педагогі: Кунтуган К.