25 маусым күні Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің сауықтыру алаңдарында демалып жатқан балаларға арналған «Менің қаламда жаз көңілді» ән кеші өтті. Кеш барысында орталықтың шығармашылық ұжымдары өздерінің үздік ән-билерін көрермендерге сыйлады. Атап айтсақ, «Мирас» вокалды аспапты ансамбілі (Шаймерденова К.Ж. Әбдірахман Қ.Б. Кайрошова Р.С.), «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамбілі (Ложкина И.С. Булавка С.Г.), «Мирлк» эстрадалық ән театры @teatr_pesni_miracle (Коробкина С.В. Шактаева М.А.), «Бэби Шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясы (Помазай О.В.). Өнерпаздар жиналған жұртшылықтың жүрек қылын шертер әсем би, күй, әндерін тамылжыта шырқап, кішкентай көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Бельгибаева Б.Т.