“Мен жалындап өтемін”

“Әлем” балалар-жасөспірімдер орталығының “Керемет” әдеби-театралдық студиясының шәкірттері Адамбеков Жасұлан мен Жалғаубай Мансұр Нұр-Сұлтан қаласында  “Болашақ” өнер мектебінің мұрындық болуымен  өткен Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған “Мен жалындап өтемін” атты І Республикалық байқауға қатысып,өз өнерлерін қалың көпшілікке сыйлап жүлделі ІІ орынды иеленді. Шәкірттерім үшін бұл іс-шара үлкен сахнаға жол ашты деуге болады.Өйткені,қазылар алқасында болған белгілі әнші,сазгер,жазушы,ақын,жүргізушілерді көріп,олармен суретке түсіп,өнерге деген құштарлықтары одан бетер артты.Бас қаламызда орналасқан “Қазақстан” орталық концерт залында өткен бұл дода шәкірттерімнің бала көңіліне арман қанатын бітіріп,болашақта үлкен белестерді бағындыруға септігін тигізетініне сенімдімін.

“Керемет” әдеби-театралдық студиясының жетекшісі- Мамитова Баян Кенжебайқызы.