Мәңгілік ел – Қазақстан

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 13 желтоқсан 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне арналған   «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты  қалалық шығармашылық сайысының марапаттау рәсімі өтті.  Байқауға Т.Әубакіров атындағы және әйелдер  гимназиялары, №22, №32,№21, №16, №6, №3, №17, №7, №5, №8, №15, №19, №2, №10 қала мектебінің оқушылары тақырыпқа байланысты суреттер, макеттер және коллаждар жасады. Жұмыстар орталықтың холлына ілініп, көрме ұйымдастырылды.

Жас өнерпаздардың жұмыстарын «Әлем» БЖО бас  әдіскері Винокурова О.В., әдіскер Ибраева А.С.,  «Колорит» студиосының жетекшісі Колганова Е.Л., орталықтың суретшісі Рожкова Л.В., қосымша білім беру педагогі Мусалиева А.Н.,  сараптап, бағалады.

Мерекелік марапаттау рәсіміне «Білім беру бөлімінің ардагері»  Лущинская Тамара Григорьевна арнайы келіп, қатысушыларды құттықтап, марапаттады. Сонымен қатар бұл рәсімде –  Амангельдинова Сабина, Исина Айшабибі, Нуриден Назар және Айдос Парахатов өздерінің әндерін көрермендерге  шырқады. Қатысушыларға  диплом, грамоталар және  сыйлықтар тапсырылды. Жетекшілерге ММ «Теміртау қаласының білім беру бөлімінен» алғыс хаттары берілді.

Балғындардың еңбектерінен өз еліне, Елбасына деген сүйіспеншіліктері, мақтанышы және құрметтері мен сенімдері айқын көрінеді.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер

Ибраева Асем Сабитовна