Отбасы – ұлттың тірегі

2016 жылғы 01 сәуірден – 28 сәуірге дейінгі аралықта «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» ББЖО отрядының оқушыларының арасында «Листая страницы семейного альбома…» атты альбомдар байқауы өтті.

Бұл отбасылық альбомдар байқауының мақсаты отбасы құндылықтары мен ұрпақ арасындағы байланысты сақтау.

«Отбасы – өмір аясы» – дегендей бұл альбомдар байқауында

«Біз –Жеңістің шөберелеріміз!», «Қазіргі отбасының құндылықтары», «Біздің әулетіміз…..!» атты тақырыптар қарастырылды.

Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды ұя. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы үйде қаланған. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» – дегендей бұл отбасылық альбомдар байқауына Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінен «Жас Ұлан» ББЖО ұйымының 22 оқушы өз отбасының құндылықтары мен тарихи толғаныстарынан сыр шертіп, спорттың өмірдегі маңыздылығы туралы отбасылық суреттерінде көрсетіп, өздерінің жанұясындағы өмір белестері туралы жазған.

Отбасындағы рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байытуу қажеттіліктерін қанағаттандырудың рөлін атқарып болашақ ұрпақтарына жол көрсетеді.

Отбасы – әр бала үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт – дәстүрлердің сақтаушы қор ретінде өз баласына өткен өмірілерінің тарихи шежірелерін үнемі насихаттап отыруы керек. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез – құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуіне негіз бола отырып тәрбие береді.

«Отбасы – өмір айнасы» – десемде қателеспеймін себебі бүгінгі байқауға қатысқан балалардың жұмысынан отбасының құндылығы мен маңыздылығын және тарихи оқиғалардағы батылдық пен байсалдық, қайрат пен сабырлық туралы кеңінен түсінгенін сонымен қатар спорттың денсаулыққа пайдасын зор екенін насихаттап, өмірде де өнер де шығармашылықтың атқаратын рөлінің зор екенін көрсете білді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадамы болып табылады. Осындай байқауға белсене ат салысқан мектептің оқушылары мен жетекші тәлімгерлеріне алғысымыз шексіз.

«Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ» – демекші осы баспалдақтардың жанұядағы өмірінің ерекшелігін еркеше айқындап көрсеткен №31 ЖББОМ 3 «А» сынып оқушысы Ерофеев Константин және Әйелдер гимназиясының 2 «А» сынып оқушысы Торгашова Анна Сергеевна, №17 ЖББОМ 4 «А» сынып оқушысы Алдабергенова Дамир Сатжанович, №5ЖББОМ 5 «А» сынып оқушысы Мейрамова Саида тағы басқа қатысушы оқушылары.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Осы кішкентай ғана мемлекеттегі әр баланың өз отбасының маңыздылығы туралы түсінгені біз үшін үлкен мәртебе.

«Отбасы – өмірдің тірегі» – дегендей бұл байқауға қатысқан оқушылар ға І, ІІ, ІІІ – орын иеленді. Барлық қатысушыларға мадақтама қағаздар тапсырылды.

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.