Открытие в ДЮЦе «Әлем»

2018 жылдың 16 қыркүйегінде Теміртау қаласы «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында жаңа оқу жылының ашылуына байланысты мерекелі шара өтті. Орталықтың алаңында бірнеше жылдан бері ата-аналар, оқушылар қыркүйектің екінші жұмасының жексенбісінде жиналып, қауышу дәстүрге айналған.
Мерекеге келген қонақтарды көңілді сайқымазақтар («Ровесник» үлгілі театрының тәрбиеленушілері) қарсы алып, би билеп, әзілдеп, ойындар ойнатып көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында «Силуэт» сән театры, «Миркл» эстрадалық әндер ансамбілі, «Бэби шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиосы, «Ровесник» үлгілі театры өздерінің өнерлерімен халықты тәнті етті.
Мерекеде атылған отшашулар ерекше көрініс берді. Ал «Шашу» дәстүрі балаларға зор қуаныш сыйлады.
Жыл сайын шығармашыл ұжымдар мен үйірмелерде 8-18 жас аралығындағы 1300-ге жуық жасөспірімдер мен балалар дәріс алады. Биылғы жылы орталықта қырыққа жуық үйірмелер жұмыс жасайды. Орталықтың тәжірибелі педагогтері балалардың өз дарындары мен шығармашылық қырларын ашуға көмек береді.
Биылғы оқу жылы «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығының шығармашылық ұжымдарына табысты және жемісті болып, тәрбиеленушілері биік асуларды бағындырып, қайталанбас дарындар анықталады деген үміттеміз.