Победы коллектива «Антрэ» в конкурсе «Ақ шағала»

Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылғы 6-7 наурыз аралығында қашықтан республикалық «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға жалпы саны 15 би ұжымы қатысты.
Облыстық фестиваль-байқау 2 номинация бойынша өтіп, қазылар алқасы үздіктерді іріктеді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша
1-орын – «Антрэ» хореографиялық ансамблі, Теміртау қаласы облыстық хореографиялық фестиваль-байқаудың жеңімпаздары атанды.👏🏻💐
«Сахналық шеберлігі үшін» номинациясы – «Антрэ» хореографиялық ансамблі, Теміртау қаласы;🌷💃
І орынға ие болған «Антрэ» хореографиялық ансамблі республикалық байқауға жолдама алады.🎊🎉