Спорт – өмірдің көркі

2017 жылғы 12 мамырда «Әлем» балалар — жасөспірімдер орталығында «Горизонт» туристік клубымен бірігіп  «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтарының  5 – 6 сынып  оқушыларының арасында «Қалқан» спорттық – туристік ойыны өтті.

Бұл іс – шараның негізгі мақсаты сау адамның физикалык және рухани  тұрғыда қалыптасуы үшін, болашақта туған өлкесі мен елінің болашағына өз тағдырын  нық байланыстыра білетін және  Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін қорғай алатындай жағдай жасау.

      Спорттың  адам өмірінде алатын орыны ерекше. «Дені саудың – жаны сау» – демекші бұл аталмыш спорттық – туристік ойынға Теміртау қаласынан: «№1 ЖББОМ»КММ, «№2 ЖББОМ»КММ, «№3 ЖББОМ» КММ, «№4 ЖББОМ» КММ, «№5 ҚОМ» КММ,  «№6 ЖББОМ» КММ, «№9 мектеп – ицейі»КММ, «№10 ЖББОМ» КММ «№11 ЖББОМ» КММ, , «№14 мектеп – лицейі» КММ, «№15 ҚГМ» КММ, «№21 ЖББОМ» КММ, «№23 ЖББОМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ, «№27 ЖББОМ» КММ, «№31ЖББОМ» КММ – нің  «Жас Ұлан» ұйымдарынан  17 топ келді. Барлығы  102 оқушы белсене қатысты.

      Спорттық – туристік  ойын  – барлық тәрбие атаулының бір саласы болып саналады. Сондықтан, оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ екені әркімге аян. Бұл спорттық – туристік ойын алты аялдамадан тұрды. Ойын басталмай тұрып әр топ өз ұрандарын айтып таныстырды. Барлық қатысушы топтар белсене қатысып, өздерін көрсете білді. Уақытты үнемдеп, жылдамдық пен шеберлікті ерекше ұстанып, көзге түскен «№15 ҚГМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ, «№27 ЖББОМ» КММ, «№1 ЖББОМ»КММ, «№3 ЖББОМ» КММ, «№4 ЖББОМ» КММ келген топтың оқушылары.

Бұл спорттық – туристік ойынды өткізудегі негізгі мақсатымыз жасөпірімдерді салауатты өмір салтына  ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты да, білімді, дені сау жастар десек қателеспейміз.

      Ойынның қорытындысы бойынша «№15 ҚМГ» КММ мен «№24 ЖББОМ» КММ келеген топтар І орынды иеленсе, «№1 ЖББОМ» КММ,  «№3ЖББОМ» КММ, «№4 ЖББОМ» КММ, «№27 ЖББОМ» КММ оқушылары ІІ орынды қанжығалады. Ал аттары аталмаған мектептерден келген топтар ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушы топтарға мадақтама қағаздар тапсырылды.

Жас ұландықтар, сіздер осы елдің жас толқындарысыздар. Сондықтан, уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп,  өмірде өз орындарыңды  адаспай табуға барлық жағынан дайын болуларыңызға сәттілік тілейміз!

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.