Табысты балалар мен табысты елдің мұғалімдері

«Нұршуақ» қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының жұмысы аясында “Әлем” балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Табысты балалар мен табысты елдің мұғалімдері» жобасы бойынша сюжетті түсірілім болды. Жетекшісі Ложкина Инна Степановна және осы ұжымда 12 жыл бойында жаттыққан «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің шәкірттері – Вероника Шматова, Ярослав Зубов, Мария Щербинина, Талғат Ризада.
Инна Степановна өзінің қызметі, дайындық барысы туралы айтып, ансамбль білімалушыларының оқу үдерісі туралы өз пікірімен бөлісті және баланы тек сахнада ғана емес жалпы өмірде де жетістікке қалай жетелеу керектігін айтты.
Балалар ансамбльдегі қызметтерін айта келе, табыстарымен жетістіктерін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.