Теміртау қаласының лайықты азаматы

2019 жылдың 17 қаңтарда «Әлем балалар – жасөспірімдер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтарының арасында «Теміртау қаласының лайықты азаматы» атты ізденіс жұмыс жобасы өтті.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық тәрбиесін дамыту үшін жағдайын жасап, өз халқының тарихын біліп – зерттеуге, қаламыздың шығармашылық, еңбек, қайырымдылық қызметтерінде жоғары жетістіктерге жеткен азаматтарын білуге олардың қызығушылық арттыру. Жеткіншектердің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, жалпы адамдық құндылықтарға тәрбиелей отырып. жобаны қорғау барысында өз білімдерін, дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беру басты мақсатымыз болды.
Олай болса, бұл жобаға қаламыздың №1ЖББОМ, №2 ЖББОМ, №3ЖББОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9 М-Л, №10 ЖББОМ, №14 М-Л, №15 ҚМГ, №17 ЖББОМ, №21 ЖББОМ оқушылары белсенділік танытты. Осы аталған мектептерден қала бойынша 33 оқушы қатысты.
Бұл жобаға арнайы сарапшылар тағайындалды. Теміртау қаласының білім бөлімінің әдіскері Хамиева Қарлығаш Қайыржановна, «Әлем» БЖО МКҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі Винокурова Оксана Викторовна және мәдени-бұқаралық бөлім меңгерушісі Бельгибаева Ботагөз Төлеубаевна жас зерттеушілердің жұмыстарын сараптап, әділ баға берді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыру барысында жан – жақты ізденіп, өздерінің жоболарын қорғауда ереше көзге түскен №1 ЖББОМ оқушылары І орынды қанжығалады. №6 ЖББОМ, №21ЖББОМ оқушылары ІІ орынды иеленді. Ал №2 ЖББОМ, №8ЖББОМ, №10 ЖББОМ оқушылары ІІІ орынға ие болды.
Жобаға қатысқан барлық оқушылар «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.