«Теміртау қ.Білім бөлімі» ММ және «Әлем» БЖШО» КМҚК ұйымдастыруымен «Аяулы жүрек» ЕББҚБ балалар арасында 24.11.23ж фестиваль өтті

«Теміртау қ.Білім бөлімі» ММ және «Әлем» БЖШО» КМҚК ұйымдастыруымен «Аяулы жүрек» ЕББҚБ балалар арасында 24.11.23ж фестиваль өтті. Фестивальде сурет, қол өнер, фотосуреттер мен бейнежазбалар номинациясы бойынша қатысқан балалар марапатталды. Ал вокал, хореография, мәнерлеп оқу, театрланған көрініс номинациялары бойынша қатысқан оқушылар гала концертте өнерлерін көрсетті. Жалпы фестивальге қатысқан балалар саны 200 болды. Фестивальдің барлық қатысушыларына сыйлық сыйлауға мүмкіндік берген демеушілер қалалық мәслихат депутаты Урываев Сергей Васильевич, «Аманат» партиясының хатшысы Ажиков Нұржан Хамидуллаевич, қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Олжабаева Гульмира Сериковна, “АрНа” дүкенінің директоры Арыстанова Наталья Ивановна, Теміртау қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Бикмухаметова Маргарита Владимировна және Қазақстан Республикасының Қызыл ай қоғамы Қарағанды облыстық филиалы. Фестиваль барысында орталықтың «Антрэ» ҮЭБА (Ложкина И.С., Федорава С.Г.), «Бэби Шлягер» ҮЭБС (Кулакова О.А.) би билеп, ән шырқады. Орталық әкімшілігі осы іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқан Қалалық Мектеп Парламентінің мүшелеріне және педагогтер мен жұмыскерлерге АЛҒЫС білдіреміз.