Туристік соқпақтар ойыны

2017 жылғы 8 маусымда «Әлем» балалар – жасөспірімдер  орталығындағы  «Жаз – 2017» атты жазғы алаңында «Туристік соқпақтар» ойыны өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, туристік – спортпен   шұғылдану – денеміздің  сау болуының негізгі кепілі болып табылады.  Осы туристік – спорт денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

          Аталған  туристік ойынға       Теміртау қаласының мектептерінен   он үш топ белсене қатысты.  «№3 ЖББОМ» КММ, «№6 ЖББОМ» КММ, «№10 ЖББОМ» КММ, «№15 ҚМГ» КММ,  «№17 ЖББОМ» КММ, №19 ЖББОМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ, «№2 ЖББОМ» КММ, «№5 ЖББОМ» КММ,  «№16 ЖББОМ» КММ, «№23 ЖББОМ» КММ, «№27 ЖББОМ» КММ, «№31 ЖББОМ» КММ оқушылары белсенділік танытып, бақ сынасты.

         Бұл іс – шараның негізгі мақсаты мектеп жанындағы жазғы лагерьлердегі балалар мен жасөспірімдердің белсенділігін арттыра отырып, салаутты өмір салтын ұстанып,  туризмді  көпшілікке насихаттау.

        «Адамның денсаулығы – қоғамның байлығы» – дегендей бұл ойын сегіз кезеңнен тұрды. Ойын басталмай тұрып әр топ өз ұрандарын айтып  таныстырды.  Барлық қатысушы топтар белсене қатысып, өздерін көрсете білді.  Бұл туристік ойын «Горзинат» туристік клубымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Бұл ойында уақытты үнемдемп,  жылдамдық пен шеберлікті ерекше ұстанып, көзге түскен «№6 ЖББОМ» КММ,  «№15 ҚОМ» КММ, «№31 ЖББОМ» КММ, «№2 ЖББОМ» КММ оқушылары.

         Туристік соқпақтар  ойыны балалар үшін өте қызықты, әрі естен кетпес күннің бірі болды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» – демекші осы ойынның
қорытындысында  І – орынды  «№6  ЖББОМ» КММ,  «№31 ЖББОМ» КММ келген оқушылар қажығалады. Ал  ІІ – орынды  «№15 ҚОМ»КММ, «№2 ЖББОМ» КММ келген оқушылар иеленді.

ІІІ – орынды «№3 ЖББОМ» КММ, «№5ҚОМ» КММ,  «№10 ЖББОМ» КММ, «№16 ЖББОМ» КММ,  «№17 ЖББОМ» КММ, «№19 ЖББОМ» КММ,  «№23ЖББОМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ, «№27 ЖББОМ» КММ  оқушылары алды.

       Туристік соқпақтар ойынына  қатысудың өзі әр оқушының спорттық шеберлігін дамытып, денесін шынықтырып, өмірге деген белсенділігін арттырады. Ойынның соңында барлық қатысушы топтарға тәтті сыйлықтар мен  мадақтама қағаздар тапсырылды.

   Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер Кунтуган К.