«Тіл – ұлттың асыл қазынасы»  

Теміртау қаласының «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 22 -23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерекесіне және Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тіл – баға жетпес мұра» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Бұл сайыста  № 1 ЖББОМ, №3 ЖББОМ,  № 4 ЖББОМ, № 5 ҚОМ., № 7 ЖББОМ, №8 ЖББОМ,  № 9 қазақ лицейі, № 10 ЖББОМ, №15 қазақ-гимназиясы, №16 ЖББОМ,  №19 ЖББОМ, №20 ЖББОМ, №24 ЖББОМ, №27 ЖББОМ,  №28 ЖББОМ, № 29 ЖББОМ, №1 гимназия,  «Әйелдер гимназиясы», Ақтау кентінің «БЖШО»МКҚК» «Жас қалам» үйірмесі  және өз орталығымыздың  «Свой голос» үйірмелерінің  5-11 – сынып оқушылары бақ сынасты.

Сайыс шарты бойынша оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  тіл, отан, табиғат жайында және туған жер жайында өз шығармаларын оқыды.

Өнерпаздарымызды  Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының директоры Ахметжанова Меруерт Бағдатовна , Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының ағылшын тілі мұғалімі Кошаева Асель Еренхановна, «Әлем»БЖО бас әдіскері Винокурова Оксана Викторовна, «Талапкер» тілдер орталығының жетекшісі Күнтуған Кулжан,  «Контакт» ағылшын тілі мектебінің жетекшісі Козлова Мария Александровна , ағылшын тілі мұғалімі Коваленко Наталья Владимировна және аға ұстаз  Аристанова Бақытжамал Бектемировна  мәнерлеп, жатқа, дұрыс  айтуын және  әртістік шеберліктерін ескере отырып , бағалады.

Әділқазылардың шешімі бойыншаорта буын оқушылары арасында қазақ тілінде өлең оқыған оқушылардың ішінде І орынды Шмид Арсений №24 ЖББОМ, Васьковский Илья №1 гимназия, ІІ орынды Бобжанова Эльмира №20 ЖББОМ, Абаназиди № 3 ЖББОМ, Әділханов Нұржан №1 ЖББОМ, орыс тілінде І орынды Ергали Назерке №29 ЖББОМ, Капарова Томирис №16 ЖББОМ, Вельш Анна №24 ЖББОМ, ІІ орынды Рагаускас Елизаветта №28 ЖББОМ, Кенжегалиева Карина №4 ЖББОМ, ағылшын тілінде Микрюкова Дарья №20 ЖББОМ, ІІ орынды Уажип Назерке № 29 ЖББОМ, Иванова Людмила № 24 ЖББОМ, Жумагалиева Алима №5 ҚОМ, Самуратова Асел №4 ЖББОМ, ІІІ орынды Федореев Александр №3 ЖББОМ, Есканаев Айбек № 1ЖББОМ қанжығаларына байласа,  жоғары сынып оқушылары аралығында қазақ тілінен өлең оқуда  І орынды  Мейрамбек  Еркебулан № 29 ЖББОМ., ІІ орынды Толеутаева Айдана «№5ҚОМ», Куйчибаева Гаухар Ақтау кентінің «БЖШО»МКҚК» «Жас қалам» үйірмесі, ІІІ орынды Суйендикова Жазкен №10 ЖББОМ,Шерхан Арнагүл №8 ЖББОМ, орыс тілінде оқығандардан І орынды Азовская Евгения №10 ЖББОМ, ІІ орынды Айтпекова Аружан №8 ЖББОМ, Тихонова Анна «Әйелдер гимназиясы», ІІІ орынды Сорокина Юдита №20 ЖББОМ, Лялякова Наталья №1 ЖББОМ, Дурасов Владислав №19 ЖББОМ, ағылшын тілінде окуда І орынды Менч Лука №1 гимназия, ІІ орынды Зиядова Айтадж №19 ЖББОМ, Мынбаева Наргиз №10 ЖББОМ, ІІІ орынды Айкеева Дана №8 ЖББОМ иеленді.

Меркелік іс-шара барысында  «Балдәурен»  вокал тобының тәрбиеленушілері Шаизов Ильяс пен Парахатов Айдос ән шашуларын жолдады.

Сайысқа қатысушылар мен оқушыларды дайындап алып келген мұғалімдердер Теміртау қаласы білім беру бөлімінің мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева