Тәлім тұғыры - тәлімгер

2018 жылдың 13 желтоқсан күні аға тәлімгерлердің «Тәлім тұғыры – тәлімгер» атты бірінші облыстық форумы өтті.
Форум жұмысының бірінші бөлімінде тәлімгерлер Қарағанды қаласының №102 мектеп-гимназиясы базасында 11 әдістемелік алаңға қатысып, онда шебер-сынып, кейс-практикум, ойын шеберханасы, тренинг, дебаттар өтті.
Екінші бөлімінде жан – жақтан келген тәлімгерлерге Назарбаев зияткерлік мектебіне экскурсия өткізілді.
Осы мектептің акт залында өткен пленарлық отырыста Қарағанды облысының үздік аға тәлімгерлері «Үздік тәлімгер» сыйлығының 4 номинациясы бойынша марапатталды.
Бұл форумға Теміртау қаласының мектептеріне 18 аға тәлімгер және «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығынан балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскерлер қатысты.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.