Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

2017 жылдың  23  ақпанында  «Әлем » балалар-жасөспірімдер орталығында   «Теміртау қаласының білім беру бөлім»  ММ бірлесіп  Теміртау қаласы  мен Ақтау кенті мектептерінің 9 сынып оқушылары  арасында «Зерде»  атты зияткерлік сайыс болып  өтті.

Жас жеткіншектердің елінің тарихына,  тіліне,  рәміздеріне деген құрметін арттыруды мақсат еткен сайыста  оқушылар өз білім деңгейін, танымдығын, тапқырлығын, ойының ұшқырлығын , үш тілді (қазақ,орыс,ағылшын) қаншалықты меңгергендігін көрсетті.

Үй тапсырмасы бойынша  «Поэзия минуты» кезеңінде оқушылар өздерінің сүйікті ақындарының шығармаларын оқыды.

Аталмыш сайыста «Бас жүлдені» «№4 ЖББОМ» КММ оқушысы Оразалиева Ақзия, І орынды Телеужанова Айнара «№31 ЖББОМ» КММ, ІІ орынды «№5 ҚОМ» КММ, ІІІ орынды  «№22 ЖББОМ» КММ жеңіп алды.

Сайысқа қатысқан барлық оқушылар мен оқушыларды дайындаған мұғалімдер Теміртау қаласының білім беру бөлімінің мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік  тілді  дамыту  мен насихаттау  жөніндегі  әдіскері:

Б.Т.Бельгибаева.