Ынтымақ – достық кепілі

2017 жылғы 27  сәуірде «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен  «Жас Ұлан» ББЖҰ мүшелерінің қатысуымен «Ұлттар мәдениет жәрмеңкесі» атты  фестиваль өтті.

1 мамыр – Қазақстан  халықтарының бірлігі күні  мерекесіне  орай ұйымдастырылған фестивальдің негізгі мақсаты   «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын  негізге ала отырып, азаматтыққа, патриотизмге, толеранттылыққа тәрбиелеу.

Бұл фестивальға қаланың 8 мектебінің  «Жас Ұлан» ББЖҰ – ның  96 мүшесі   белсене ат салысты.

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» – дегендей  бүгінгі өтілген іс – шараны жүргізу барысында әр мектептен    келген шығармашылық топ  өзі таңдаған ұлттың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын насихаттап, тарихи толғаныстарынан қысқаша сыр шертсе, интеллектуалдық топ өздеріне қойылған сұрақтарға іркілмей жауап беруге тырысты.

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз, тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады…» – деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай фестивальға қатысқан «Жас Ұлан» ББЖҰ – ның мүшелері ерекше бір әсерге бөленіп, әр ұлттың ерекшелігін көрсете алды.

Отан – біздің туған жеріміз, өзіміздің туған – туысымыз, дос – жаранымыз бен тұратын еліміз. Біздің Отанымыз – ортақ мекеніміз Қазақстан елі екенін әр бала мақтанышпен айтатындарын жеткізді.

Осы  іс – шараға белсене қатысып, өздерін ерекше көрсете білген «№1 ЖББОМ» КММ, «№5 ҚОМ» КММ,  «№6 ЖББОМ» КММ, «№8 ЖББОМ» КММ, «№10 ЖББОМ» КММ,  «№11 ЖББОМ» КММ,  «№ 14 мектеп – лицейі» КММ, «№31 ЖББОМ» КММ  келген   «Жас Ұлан» ББЖҰ мүшелері мен аға тәлімгерлеріне алғысымыз шексіз.

Фестиваьлдің соңында қатысқан барлық  топтар «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ  және  «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздарымен марапатталды

Балалар мен жастар қозғалысы  орталығының әдіскері: Кунтуган К.