Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен балаларға үндеу жасады. Министерство внутренних дел обратилось к родителям и детям

📱 Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен балаларға үндеу жасады

Балалық шақты қорғау — мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Балалар — біздің тірегіміз, елдің болашағы. Олардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі және де Ішкі істер министрлігінің басты міндеті.

#ҚАЗАҚСТАНБАЛАЛАРЫ
#ЗАҢМЕНТӘРТІП

«Көмек сұраудан қорықпаңыздар!»: ІІМ балаларға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен балаларға үндеу жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz. — Құрметті қазақстандықтар! Ата-аналар мен балалар! Балалық шақты қорғау — мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Балалар — біздің тірегіміз, елдің болашағы. Олардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі және де Ішкі істер министрлігінің басты міндеті. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдануда. Ювеналды полицияның жұмысы күшейтілді. Патруль нарядтары білім ұйымдарына жақын қойылды. Әкімдіктермен бірлесіп, мектеп маңындағы жол инфрақұрылымын жақсартудамыз. Заңнама жаңа талаптарға сай пысықталуда. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар үшін жауаптылық күшейді. Буллинг пен қудалауға қарсы құқықтық шаралар енгізілді. Сенім телефондары арқылы балалар мен ата-аналар кез келген уақытта көмек ала алады. Бүгінде көптеген жасөспірім қоғамға қызмет ету жолын таңдауда. Мектептерде «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылып жатыр. Онда балалар жастайынан заңды меңгеріп, жауапкершілікке үйренуде. Бірқатары ерікті түрде жобаларға қатысып, тәртіптің сақталуына үлес қосуда. Бұл – нағыз патриотизмнің белгісі. Біз оларды мақтан тұтамыз. Дегенмен де ата-ананың қамқорлығы мен ұстаздың қолдауын ештеңе алмастыра алмайды. Отбасы мен мектеп – баланың алғашқы алтын ұясы. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздардың балаларға әрдайым жақын болып, көңіл бөлуі маңызды. Ал, балалар, сіздерге айтарым – көмек сұраудан қорықпаңыздар! Полиция – сіздердің қорғандарыңыз! Біз сіздер қауіпсіз ортада өмір сүру үшін қызмет етеміз. Балалық шақтарыңыз қуанышқа, ал болашақтарыңыз жарқын сәттер мен мүмкіндіктерге толы болсын! — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
https://polisia.kz/komek-suraudan-qoryqpangyzdar-iim-balalargha-undeu-zhasady/

📱 Министерство внутренних дел обратилось к родителям и детям

Защита детства — одно из приоритетных направлений государственной политики. Дети — наша опора и будущее страны. Их безопасность — общая ответственность всего общества и одна из главных задач Министерства внутренних дел.

#ДЕТИКАЗАХСТАНА
#ЗАКОНИПОРЯДОК

«Не бойтесь просить о помощи!»: МВД обратилось к детям

Министерство внутренних дел обратилось к родителям и детям, передает Polisia.kz. — Уважаемые казахстанцы! Дорогие родители и дети! Защита детства — одно из приоритетных направлений государственной политики. Дети — наша опора и будущее страны. Их безопасность — общая ответственность всего общества и одна из главных задач Министерства внутренних дел. В этом направлении реализуются конкретные меры. Усилена работа ювенальной полиции. Патрульные наряды дежурят вблизи образовательных учреждений. Совместно с акиматами улучшается дорожная инфраструктура вблизи школ. Законодательство адаптируется к современным требованиям. Ужесточена ответственность за преступления против несовершеннолетних. Введены правовые меры против буллинга и домогательства. Дети и родители могут круглосуточно получить помощь через телефоны доверия. Сегодня многие подростки выбирают путь служения обществу. В школах открываются полицейские классы «Жас сақшы», где с раннего возраста дети изучают основы законодательства и учатся ответственности. Многие добровольно участвуют в социальных проектах и вносят вклад в обеспечение общественного порядка. Это — настоящее проявление патриотизма, и мы искренне гордимся ими. Однако ничто не может заменить заботу родителей и поддержку учителей. Семья и школа — первая и самая важная среда воспитания ребенка. Поэтому так важно, чтобы взрослые всегда были рядом с детьми, проявляли внимание и заботу. А вам, дорогие дети, хочу сказать: не бойтесь просить о помощи! Полиция — ваш защитник. Мы работаем, чтобы вы жили в безопасном обществе. Пусть ваше детство будет наполнено радостью, а будущее — светлыми возможностями и счастливыми моментами! — отметил председатель комитета административной полиции МВД Кайсар Султанбаев.
https://polisia.kz/ru/ne-bojtes-prosit-o-pomoshhi-mvd-obratilos-k-detyam/