«Ғажайып жетілік» зияткерлік-танымдық сайысы өтті

«Әлем» БЖО, қонақ бөлмесіде үйірме тәрбиеленушілерінің арасында жан – жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету. Өзін – өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым – қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, зейінділік, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту мақсатында «Ғажайып жетілік» зияткерлік-танымдық сайыс болып өтті.
Тәрбиеленушілер «Кел, танысайық!», «Бәйге», «Полиглот», «Сен білесің бе?», «Өнерлі өрге жүзеді» кезеңдері бойынша өнер-білімдерін көрсетті.

Сайысқа «Балдәурен» үйірмесі, үйірме жетекшісі Хусайнова А.Х., «Мирас» үйірмесі, үйірме жетекшісі: Шаймерденова Қ. Ж. «Жас тілші» үйірмесі, үйірме жетекшісі: Нұрлан Ж. З. «Өнер» үйірмесі,үйірме жетекшісі: Керейбай А қатысып, өзара бақ сынасты.

Сайыс соңында әділқазылардың шешімімен сайыскерлерге тиісті номинациялар беріліп, «Алғыс хат» табысталды.
Сайысқа барлық үйірме тәрбиеленушілері үлкен жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен дайындалып келгендері байқалды. Атап айтар болсақ, «Өнер » тобының бірыңғай тігілген әдемі сары киімдері көрермендер мен қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, өз шығармашылықтарымен таңқалдырды. «Мирас» және «Жас тілші» тобының тәрбиеленушілері өздеріне қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап бере білсе, «Балдәурен » тобының тәрбиеленушілері өз өнерлерімен тәнті қылды.
Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.Ұйымшылдыққа, біреудің ой пікірін тыңдауға,өзара сыйластыққа тәрбиеленеді. Сондыққан өтілген шараның жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне маңызы зор екенін айта кеткен жөн.

Теміртау қаласының «Әлем» БЖО КМҚК-ның
халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді
дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскері Б.Т.Бельгибаева.