Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

2 маусымда «Әлем »Балалар-жасөспірімдер орталығы» МКҚК мен «Теміртау қаласы білім беру бөлімінің»ММ ұйымдатыруымен   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Республикамыздың биік құндылықтары» тақырыбында сурет байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында адамгершілік, рухани құндылықтар мен патриотттық сезім қалыптастыру. Талантты жас дарындарды анықтау. Елінің рәміздерін,  жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын айтумен басталды. Шара барысында рәміздерге байланысты сұрақтар қойылып, қатысушыларға өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік берілді.

Байқауға қала мектептеріндегі сауықтыру алаңында демалып жатқан  18 бала қатысып, бағын сынады.

Жас суретшілер «Республикамыздың биік құндылықтары»,  «Мәңгілік ел-Қазақстан», «ЭКСПО-2017», «Ару қала-Астана», «Қазақстан- бақытты балалар мекені» тақырыптарында суреттер салды.

Балалардың суреттерін «Әлем»БЖО» бас әдіскері Винокурова О.В., «Контакт» ағылшын мектебінің мұғалімі Коваленко Н.В.,  «Гармония» арт-студиясының жетекшісі Савенкова О.А. таразылады.

Қорытындысында 6-8 жас аралығында І орынды №24 ЖББОМ оқушысы Токарева София, №24 ЖББОМ оқушысы Чесаноская Анастасия, ІІ орынды Сусолова Софья №16 ЖББОМ,Жанбырбаева Аружан №2 ЖББОМ, ІІІ орынды Жунусова Айнара №9 мектеп-лицейі, Қызылбаев Бекасыл №5 ҚОМ иеленді.

.

9-11 жас аралығында І орынды Шляхова Таисия №19 ЖББОМ, Сало Валерия №16 ЖББОМ, Бакытова Аида №16 ЖББОМ, ІІ орынды Обуховская Анастасия №19 ЖББОМ, Щур Дарья №19 ЖББОМ, Арыстанова Оксана №4 ЖББОМ, ІІІ орынды Жахсылыкова Жанар №2 ЖББОМ, Базарбаев Ринат №2 ЖББОМ, Афанасьева Александра №24 ЖББОМ, Канатова Нұрзат №5 ҚОМ, ІҮ орын Келдібаева Асель №4 ЖББОМ, Акимбаева Жансая №4 ЖББОМ жеңіп алды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен барлық қытысушыларға мадақтамалар және сыйлықтар табысталды.

Балаларды  дайындаған жетекші мұғалімдердің де еңбектері ескеріліп, алғыс хатпен марапатталды.

 

Мәдени – бұқаралық   бөлім меңгерушісі Ботагөз  Толеубаевна Бельгибаева.

Творческие коллективы детско-юношеского центра “Əлем” на параде и концерте, посвященном 1 июня – Дню защиты детей.

Поздравляем Всех с праздником. Пусть детство будет мирным, счастливым и солнечным!