Қала тәлімгерлерінің тамыз кеңесі

2018 жылы 29 тамыз  күні «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінің аға тәлімгерлеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында тамыз кеңесі өтті.
Балалар мен жастар қозғалысының 2017-2018 оқу жылы жүргізілген іс – шараларының есебін «Әлем» БЖО әдіскері Кунтуган Кульшан жан – жақты түсіндірді.
«Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ тәрбие жұмысының әдіскері Хамиева Қарлығаш Қаиржановна «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының жұмысын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде  жүргізуіге тиісті екенімізді айтты.  Сонымен қатар ол кісі өзінің  «Балдәурен» лагері  семинарына  қатысқанын тілге тиек етіп, өзінің тәжірибесіне сүйене отырып  тәлімгерлерге   шағын тренингі өткізді.
Қарағанды облысында өткен «Тәлімгерлер Қауымдастығы» жобасы аясында мектеп тәлімгерлеріне арналған семинарға  «№8 ЖББОМ» КММ аға тәлімгері Нуржанова Джана Уралбаевана  мен №14 мектеп-лицейі» КММ аға тәлімгері Вакулко Елена Михайловна қатысып келді. Олар  өздерінің семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, бір адам – бір адамды тыңдай біліп, еске  сақтау қабілеті мен көру қабілетті  қалыптастыруға болатынын түсіндіріп бірнеше  ойын жүргізді.
Семинардың соңында теміртау қаласының білім беру бөлімі   шығармашылық жұмыстарға белсене қатысып,  жоғарғы кәсіби біліктілік танытқаны үшін қала мектептерінің он үш  аға тәлімгерін  мақтау қағаздармен   марапаттады.