Қош келдің, әз Наурыз!

18 наурызда «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекеге жиналған халықты орталықтың директоры И.А.Тихомирова құттықтап, қаламыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Ордабаев Бірлікбай Кемалович ақ батасын берді.
Ұлттық нақыш өрнегін салған шарада халқымыздың салт дәстүрі көрініс тауып, киелі өнері өрістеді. Мереке барысында халқымыздың «Көрісу», «Шырақ жағу», «Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» салт-дәстүрлері мен рәсімдері көрсетіліп, «Мирас» вокалды-аспаптық ансамбілінің (Шаймерденова Қ.Ж., Абдырахман Қ.Б., Қайрашова Р.С.), «Антрэ» ҮЭБА,(Ложкина И.С., Булавка С.Г.), «Балдәурен» вокал тобының (Хусаинова А.Х.) өнерпаздары өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар қаламыздың ақ әжелері Аллаярова Камила, Набиева Бану, Хамидуллина Роза, Айтжанова Табиғат, орталықтың мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Бельгибаева Б.Т., әдіскерлері Ибраева А.С., Қонақбаева Ғ.Т., Күнтуған К, суретшісі Рожкова Л.В., дыбыс режисері Дроздецкая В.В. атсалыса қатысты.
Наурыз құтты болсын, ағайын! Ақ мол болсын! Елімізде тоқшылық, жерімізде бейбітшілік болсын! Ақ сақалды қарияларымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз аман болсын! Қыдыр бабамыз әр шаңыраққа бақ -береке, ырыс -несібе, шат -шадыман шаттық алып келсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, халайық !

«Әлем» БЖО»КММ мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна