«Үздік мұғалім портфолиосы»

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының әдіскері, қосымша білім беру педагогі А.С. Ибраева 2019 жылдың мамыр айында «Intolimp.kz – оқу әдістемелік орталығының» қолдауымен Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік мұғалім портфолиосы» атты байқауға қатысып, І орынға ие болды. Сізді орталық ұжымы жетістігіңізбен құттықтайды. Алдағы уақытта біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, биік шыңдардан көріне беруіңізге тілектеспіз.