«Әлем» БЖО Ақтау кентіндегі филиалында орталықтың мерекелік ашылу салатанаты өтті

«Әлем» балалар жасөспірімдер орталығының Ақтау кентіндегі филиалында 2019 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 16.00 де орталықтың мерекелік ашылу салатанаты өтті.
Салтанатты жиынға, арнайы шақырылған құрметті қонақтар, білікті ұстаздар және ата-аналар қатысты. Ашылу салтанаты ұстаздар мен шәкірттердің кереметтей өнерлерімен жалғасты. Шәкірттеріміз өз өнерлерін ортаға салып, ән, би орындады.
Орталықтың есігі кентіміздің өнерге құштар әр баласы үшін әрқашан айқара ашық. Барлық оқушыларды биылғы оқу жылымен шын жүректен құттықтап, таланттарының биік шыңға көтеріле беруін тілейміз.
Ұстаздарымызға да шәкірттерімен бірлесе отырып, асулар мен белестерді бағындырып, шығармашылық шыңына жетуге тілектеспіз.