Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыру және жазғы кезеңдегі балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау туралы бұйрық № 31 20.05.21ж,жауапты адам Бельгибаева Б.Т. тағайындалды. «Көңілді жаз-2021» жаз айларына арналған жоспары құрылды.
Жоспар құрамына орталықтың үйірмелерінің жазғы уақытта жүргізетін жұмыстары, шеберлік сағаттар, тәрбиеленушілерге арналған іс-шаралар, тәрбиеленушілердің байқауларға қатысуы, қала мектептерінің оқушыларына арналған іс-шаралар кірді. Әр апта тақырып бойынша төмендегідей аталды:
1 апта (1-4 маусым аралығында) – «Менің елім – Қазақстан»
2 апта(7-11 маусым аралығында) – «Саяхат және демалыс»
3 апта (14-18 маусым аралығында) – «Отбасы адам тұлғасының бесігі»
4 апта (21-25 маусым аралығында) – «Көрікті табиғат-көңілді жаз»
5 апта (28 маусым – 2 шілдеаралығында) – «Жақсылық жолымен»
6 апта (5-9 шілде аралығында) – «Ел жүрегі Елорда»
7 апта (12-16 шілде аралығында) – «Салауаттылық – өмір негізі
8 апта (19-23 шілде аралығында) – «Қызыққа толы әлемі»
9 апта (26-30 шілде аралығында) – «Таланттар әлемі»
10 апта (2-6 тамыз аралығында) – «Казахстан – мейірімділік мекені!»
11 апта (9-13 тамыз аралығында) – «Ұлы Даланың – Ұлы есімдері»
12 апта (16-20 тамыз аралығында) – «Білімді жас ғалым»
13 апта (23-27 тамыз аралығында) – «Конституция – мемлекет тәуелсіздігінің негізі»
Және осы тақырыптарға сай орталықтың әлеуметтік желілерінде жарнамалар жарияланып, іс-шаралар жүргізілді.
«Қауіпсіз жаз» жобасы бойынша 1маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Теміртау қ. Төтенше жағдай басқармасымен бірлесіп «Қауіпсіз жаз» асфальтте сурет салу байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің «Жас Ұлан»« ұйымы мүшелері қатысты. Қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Байқауға Теміртау қ. маслихатының депутаты Сиверский Владимир Анатольевич және ерікті, «Mini Mark» жеке киім брендінің негізін қалаушы Марк Наталья демеушілік жасады.
«Мен бақытты баламын» орталық тәрбиеленушілеріне арналған шығармашылық байқауына орталықтың тәрбиеленушілері қатысып, өздерінің салған суретін, ән айттып, би билеп, мәнерлеп оқыған бейнежазбасын, бисерден тоқыған бұйымдарын және т.б. өнерін өзінің инстаграм парақшасына #әлембжшомаусымбайқау хэштегімен жариялады. Қатысушылар мадақтама қағздарымен марапатталды.
4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған қала мектептерінің «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің арасында «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» мәнерлеп оқу сайысы өтті.Сайыскерлерге «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының мадақтама қағаздары мен «Шығыс» мәдениет және демалыс саябағының дайындаған сыйлықтары табысталды.
Орталықтың тәрбиеленушілері үшін «Үздік штурман» онлайн челленджі ұйымдастырылды. Челленджде Қатысушы Қазақстан Республикасының көрікті жерлері туралы бейнежазба түсіріп немесе слайд фильм жасап Жұмысты инстаграм парақшасында жариялап, #үздікштурманәлембжшо хэштегімен белгіледі. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
«Біз барлық отбасымызбен сурет саламыз, тігеміз және ән саламыз» қалалық отбасылық шығармашылығының қашықтықтан фестивалі өтті.
Фестивальге қатысу үшін қатысушы өз инстаграм парақшасында жұмысын жариялап, #моясемьяәлем хэштегімен белгіледі. Қатысушыларға мадақтамалар табысталды.
Орталықтың шығармашылық ұжымдары тәрбиеленушілерінің «Асқақтай бер, Елорда» атты мерекелік құттықтау концерті өтті. Жас өнерпаздар Астана күніне арнаған ән-шәшулерін қашықтықтан жолдады.
3маусым – Ұлттық домбыра күнінде «Күмбірле күй-домбыра» атты мерекелік іс-шарада орталықтың тәрбиеленушілері мен педагогтері домбырада күй орындап, бейнежазбалары әлеуметтік желілерде жарияланды. Және қала алаңдарында өткен жаппай күй орындау шараларына белсене қатысты.
20 мамыр 20 маусым аралығында «Бақытты бала – бақытты ел», халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акцияны өткізу мақсатында жоспар құрылып, «Отбасында өмір сүру бақыты», «Мейірімділік – балаларға», «Таңғажайып әлем», «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!», «Бала қауіпсіздігі» блоктары бойынша іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, орталықтың үйірмелерінде арнайы жоспар құрылып, кесте бойынша дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері тәрбиеленушілермен жұмыстар жүргізілді.
Маусым
1-6 жас аралығында – 235
6-18 жас аралығында – 473
Жалпы- 708
Шілде
1-6 жас аралығында – 0
6-18 жас аралығында – 100
Жалпы -100
Тамыз
1-6 жас аралығында – 71
6-18 жас аралығында – 213
Жалпы – 284
Жаз айларында жалпы – 1092 тәрбиеленуші.
Теміртау қ. Төтенше жағдай басқармасы, Теміртау қ «Шығыс» мәдениет және демалыс паркімен, @orange_jumping клубымен, «Пятый элемент» би студиясымен бірлесіп байқаулар, квест ойындар, хип-хоп биінен шеберлік сағаттары, би кештері ұйымдастырылды.
«МИРАС» вокалды-аспаптық ансамблi жылдағы дәстүрлері бойынша Балаларды қорғау мерекесі күні «БАЛМҰЗДАҚ» мерекесiн ұйымдастырып,атап өтті.
«Силуэт» сән театры «Лазурный берег» халықаралық көпжанрлы фестиваль байқауында «БАС ЖҮЛДЕНІ», Я Артист» халықаралық көпжанрлы байқауда І орынды иеленіп, жүлделі оралды.
03.06.21ж «Гармония» Арт-терапиия орталығының тәрбиеленушілерінің Өлкетану музейіне саяхаты өте қызықты өтті.
Балаларға сандықтың кілтін тауып,саяхатшыларға арналған көмекші карта ұсынылды. Картаны алған балалар саяхатқа аттанды. Әр аялдамаларда саяхатшылар белгілі бір тапсырманы орындады. Балалар гидті мұқият тыңдап, барлық тапсырмаларды сәтті орындады.
03.06.21ж Колганова Е.Л. ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен олардың аналарына арналған шеберлік сағаттарын өткізді. Қатысушыларға дәстүрлі емес тәсілмен (шаңышқы мен кляксография) сурет салу ұсынылды. Балалар сурет салып, аналары оларға көмектесті.
«Кроха» отбасылық клубтың тәрбиеленушілері жазғы демалысты көңілді бастады. Алғашқы жазғы оқу күні «Сиқырлы көбелек», лего-үй құрастырды.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінде 4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күні қарсаңында «Рәміздерім- мақтанышым» атты тәрбие сағаты өтті. Шара Теміртау қаласы «Шығыс» саябағындағы қысқы бақта ұйымдастырылды. Шара барысында тәрбиеленушілер рәміздер туралы викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Шарадан кейін балаларға саябақты тегін аралады. Бұл мүмкіндікті Теміртау қаласындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағы КМҚК әкімшілігіне және әдіскер Кравченко Светлана Анатольевна берді.
04.06.2021 ж. «Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының қызметкерлері жұмыс күнін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаудан бастады.
«Әлем» БЖШО Ақтау кенті филиалындағы «Көңілді ноталар» ән үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында «Ойлан тап» зияткерлік ойыны өткізілді. Тәрбиеленушілер әртүрлі тақырыптағы сұрақтардың жауабын тапты. Жетекшісі: Хайбар Лиза.
«Әлем» БЖШО Ақтау кентіндегі «Атамекен» ұлттық мәдениетті үйрету үйірмесі балалардың жазғы демалысында «Менің армандарым»тақырыбында асфальтқа суреттер салды.
Жетекшісі: Нухтар Б.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушісі Аскаров Азиз «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» мәнерлеп оқу сайысында І орынды қанжығасына байлады. Жетекшісі Бельгибаева Б.Т.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушісі Мурат Мансұр «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» мәнерлеп оқу сайысында ІІ орынға ие болды.
«Керемет « әдеби-театралдық студиясының шәкірттері 4- маусым күні «Шығыс» саябағына серуендеп қайтты.»Керемет « ӘТС жетекшісі Баян Кенжебаевна Мамитова.
«Асыл» ұлттық би үірмесінің жетекшісі Тлепова Т.Д. мен «Эдельвейс» спорттық би клубынің жетекшісі Осипова О.А. орталықтың педагогтергімен шеберлік сағаттары өткізді. Толқын Дулатовна «Қара жорға» Оксана Александровна бачата биініңэлементтерін үйретті.
Әлем» БЖШО Ақтау кенті филиалындағы «Жас қалам» әдеби үйірмесінің тәрбиеленушісі Хуанған Арайлым Оңғарқызы v халықаралық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауының республикалық іріктеу кезеңінде бас жүлде алып, финалға жолдама алған болатын. Финалда «Көркем сөз» жанры бойынша өнер көрсетіп, II дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық «JARYQ JULDUZ» балалар журналына мақаласы жарияланды. Биылғы түлек, болашақ журналист, талантты тәрбиеленушімізге тек қана сәттілік тілейміз. Болашағың жақын, алар асуларыңыз көп болсын дейміз.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері қаламыздағы өлкетану музейіне барды.Балалар жазды қызықты өткізумен қоса дүниетанымдарын кеңейтіп, жаңа деректермен керекті ақпараттар жинақтауда. Саяхат өте көңілді, әрі пайдалы болды.
«Әлем» БЖШО Ақтау кенті филиалындағы «Көңілді ноталар» ән үйірмесінің жетекшісі Хайбар Лиза мұғалімдерге арналған «Дауысты дамытатын вокалдық жаттығулар» атты шеберлік сағатын өткізді.
«Маска» театр үйірмесінің жетекшісі Жагслаг Гүлғайша педагогтарға арналған «Театр, как вид искусство» шеберлік сағатын өткізді.
«Әлем» БЖШО Ақтау кенті филиалындағы»Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Санах О. педагогтарға арналған «Экология и дети» атты шеберлік сагатын өткізді.
«Колорит» бейнелеу өнері студиясының тәрбиеленушілері «Мир на кончиках пальцев» көрмесіне барып, «Языковой квест» ойынына қатысып қайтты.
«Крохи»отбасылық клубында өте қызықты сабақ өтті. Балалар Даша саяхатшымен бірге қызықты тапсырмалар орындады. Қу түлкі саяжатқа кедергі жасамақ болды. Бірақ ұйымшылдық пен ауызбіршілктің арқасында оның айласы іске аспады. Балалар пазлдан қарта жасап, көпірді жөндеп, гүлдер отырғызып,тәжіге алмаз моншақтарды жапсырды.
ЖЛА –да «Эрида сарайы « қызықты психологиялық ойыны өтті. Бұл ойын-бәсекелестік, ойын-күрес, ойын-стратегия. Ол қарым-қатынас жасау, келіссөздер жүргізу және өз мүдделерін қорғау қабілетін дамытады.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері қаламыздағы өлкетану музейінде аялдамаларға саяхат ойынына қатысып, әр аялдамада қызықты тапсырмалар орындады.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері үшін үйірме жетекшісі Бельгибаева Б.Т. мен «Шығыс» мәдениет және демалыс саябағының әдіскері Кравченко С.А. эстафеталық ойын ұйымдастырды. Ойынға балалар белсене қатысты. Іс-шараны өткізуге мүмкіндік бергені үшін «Шығыс» мәдениет және демалыс саябағының әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз.
10.06.2021 «Колорит» бейнелеу өнері студиясы мен Арт-терапия «Гармония» тәрбиеленушілері қаламыздың өлкетану музейіне саяхат ойынға қатысты. Балалар «Арт – студию», «Экостанцию», «Секретные коробки», «Городской стадион», «Яблоневый сад», «Ярморочную площадь», «Историческое лото» , «Пазлы» аялдамаларда әртүрлі тапсырмалар орындады.
«Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында кезекті әдістемелік күні
Аникина Л.Н 2014 жылы суретші әрі психолог Павел Пискаревтың әзірлеген нейрографика әдістерімен таныстыру мақсатында шеберлік сағатын өткізді.
7- маусым күні «Керемет» әдеби-театралдық студиясының жетекшісі Мамитова Баян Кенжебаевна өзінің шәкірттерімен «Жаз-2021» аясында «Таңғажайып әлем « бөлімі бойынша Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябағына барып қайтты.
7-маусым күні «Керемет» әдеби-театралдық студиясы шәкірттері «Жаз-2021» аясында «Таңғажайып әлем « бөлімі бойынша Қарағанды қаласының хайуанаттар мен жануарлар бағына барып қайтты. «Жануарлар біздің досымыз « тақырыбында тәрбиеленушілер өз ойларын айтты.Студия жетекшісі- Мамитова Б.К.
«Кроха» отбасылық клубында жазғы сабақтар өте қызықты өтуде. Олар нағыз аспаз болып, сүйікті тағамдарын дайындады.
«Happy English» үйірмесінің жетекшісі Гелеус Ю.В. педагогтарға арналған «Английский язык-сложности в обучении» шеберлік сағатын өткізді.
«Әлем» БЖШО Ақтау кенті филиалындағы»Атамекен» ұлттық мәдениетті үйрету үйірмесінің жетекшісі Нухтар Бахитгүл педагогтарға арналған «Қазақ халқының шығармашылық өнері» атты шеберлік сагатын өткізді.
Ағылшын тілі педагогі Черткова Д.М. өз шеберлік сағатында педагогтрмен «Field of Dreams» ойынын ойнатты.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері шуақты жазды көңілді өткізуді жалғастыруда. Үйірме жетекшісі Бельгибаева Б.Т. мен «Шығыс» мәдениет және демалыс саябағының әдіскері Кравченко С.А. ұйымдастыруымен «Қазынаны тап» ойынын ойнады. Ойын барысында балалар түрлі тапсырмаларды орындап, кедергілерден өтіп, соңында қазынаны тауып, тәтті сыйлыққа ие болды.
ЖКА тәрбиеленушілері үшін үстел ойындарынан кезекті кездесуі өтті. Қарым-қатынас әр жас кезеңінде жеке тұлғаның дамуы үшін маңызды рөл атқарады, бірақ жасөспірімдер үшін қарым-қатынас пен тұлғааралық қатынастар жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады.
«Контакт» а ғылшын тілін мектебі және «Бэби клаб» клубынның жетекшілері Мурова А.С. мен Черткова Д.М ұйымдастыруымен «Englishland»жазғы лагерь жұмыстары жүргзілді. Жазғы лагерде «Field of Dreams» , «Picnic Day», «Twister» т.б. тақырыптарында сабақтар мен ойындар ұйымдастырылды.
«Отбасында өмір сүру бақыты» блогы бойынша «Керемет»әдеби-театралдық студиясының көп балалы отбасынан шыққан шәкірттері арасында «Бала бақыт,көп бала одан көп бақыт» отбасылық роликтер күнін ашық деп жариялайды…
Роликтер орталықтың барлық әлеуметтік желілерінде жарияланды.
«Миркл» ән-би студиясының тәрбиеленушілері тренер Анны Николаевнаның @orange_jumping клубына барып қуаттанып, көңілді уақыт өткізді.
«Мирас»вокалды- аспаптық ансамблі саябақта демалып ,ойын-сауық кешін өткізді. Балалар таза ауада ойын ойнап ,домбыра тартып көңіл көтерді.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері шуақты жазды көңілді өткізуді «Жастар» спорттық кешеніндегі бассейнге барып жалғастырды.Үйірме жетекшісі Бельгибаева Б.Т.
18-маусым күні «Көңілді жаз 2021» аясында «Тарихқа тағзым « бағыты бойынша «Керемет» әдеби-театралдық студиясы шәкірттері Долинка елді мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барып қайтты.
Көлік мәселесін шешуге Теміртау қаласы әкімдігіне @akimat_temirtau көмек берді.
«Керемет « әдеби-театралдық студиясының жетекшісі Б.К.Мамитова
Спортивные соревнования прошли у самых маленьких воспитанников семейного клуба «Крохи». Ребята стали настоящими спорцменами. Играли в футбол, баскетбол,теннис и соревновновались в беге. Весёлые игры с мячиками принесли малышам много положительных эмоций.
«Осыдан тура 80 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған еді…
Қаншама жас қыршын кетті…Қанша бала жетім қалды… Қанша әйел жесір қалды…Қанша ана зарлап қалды…Мәңгі есімізде!!!Елі үшін,жері үшін,халқы үшін қан төккен бабаларымызға басымызды иеміз!!!»- деген 22 маусым Ұлы Отан соғысының басталған күніне арнаған кішігірім мақала мен бейнежазбаны «Керемет» әдеби-театралдық студиясы әлеуметті желілерге жариялады.
22.06.21 ж. «Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері шуақты жаздың і күнін шығармашылықпен бастады. Балалар қысқы бақта тамашалаған ең әдемі құсты бейнелеп, «Шығыс» қалалаық саябақта «Пятый элемент»би студиясының жаттықтырушысы Закиров Дамир мен оның көмекшісі Шарипова Алинаның өткізген шеберлік сағатында Hip-hop биінің элементтерімен танысып, билеп қайтты.
Арт-терапия «Гармония» тәрбиеленушілері де «Шығыс» саябағында Hip-hop биінің элементтерімен танысып, билеп, «Қазынаны тап» ойынын ойнап қайтты.
«Силуэт» сән театры қаламыздың мәдениет үйінде театырдың 15 жылдық мерейтойын атап өтті.
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» – деп Әбіш Кекілбаев ағамыз айтқан қағиданы ұстанатын «Керемет» әдеби-театралдық студиясының тәрбиеленушісі Нұрбекқызы Дариға қазіргі заманғы әдебиет өкілі,жерлес ақын Руслан Нұрбайдың «Кіндік» өлеңін сіздерге тарту етсе, Акимханова Элеанора қазіргі заманғы әдебиет өкілі,жерлес ақын Қайрат Асқаровтың «Қайран достар» өлеңін оқып бейнежазбалар орталықтың барлық әлеуметтік желілерінде жарияланды.
«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері жетекшілерімен осы оқу жылының соңғы күні қаламыздағы «Акробат» батут орталығына барып, батуттарда серіп, пиццериядан дәм татып уақыттарын көңілді, әрі пайдалы өткізді. Үйірме жетекшісі Бельгибаева Б.Т.
«Гармония» Арт-терапия орталығында жазғы демалыстар қызықты және пайдалы өтеді. Сабақтарда балалар көңілді және қызықты уақыт өткізеді, моншақтар мен бисерден өздері және жақындары үшін жарқын және ерекше қолөнер бұйымдарын тоқиды.
Барлық іс-шаралар туралы мәліметтер орталықтың әлеуметтік желілерінде жарияланды.
«Әлем»БЖШО» КМҚК директордың ОТЖО Бельгибаева Б.Т.