«Әлем» БЖШО - мейірімділік пен шығармашылық әлемі

1967 жылы металлургтер мен құрылысшылар қаласында, жүз ұлт өкілдері бірлікте тұратын – Теміртау қаласында Пионерлер мен оқушылар сарайы ашылды, ол бірден қаладағы мәдени жұмыстың орталығына айналды. Көркем гимнастика, тоқыма тоқу, нақыштау үйірмелері, халықаралық достық клубы ерекше танымал болды. 1991 жылы Пионерлер сарайы «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы болып қайта құрылды.

Бүгінгі таңда балалар шығармашылығы орталығы – бұл мектептен тыс ұйым, онда әр бала өзінің қызығушылығы бойынша іс-әрекетті таба алады, өзінің таланттары мен қабілеттерін ашады. Балалар шығармашылығы орталығында әр балаға бастапқы мүмкіндіктер беріледі, дарынды және талантты балаларға ерекше көңіл бөлінеді және қолдау көрсетіледі, олардың жеке дамуы сапалы жаңа деңгейге көтеріледі. Орталықта оқыту мен тәрбиелеу қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Орталықта балалар келесі бағыттар бойынша шұғылданады: спорттық; көркем-эстетикалық шығармашылық; сәндік-қолданбалы шығармашылық; қоғамдық-гуманитарлық шығармашылық; лингвистикалық шығармашылық.
Орталық ұжымдарындағы сабақтар бала тұлғасының шығармашылық және әлеуметтік өзін-өзі дамуын қамтамасыз етеді, жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануына және бейімделуіне ықпал етеді. Көптеген адамдар үшін балалар шығармашылығы орталығының қабырғасынан табылған қызығушылығы өмір бойғы қажеттілігі болып табылады.

Орталық жылдан жылға балалар мен жасөспірімдерге өзін-өзі тану мен өзін-өзі анықтаудың бақытты мүмкіндігін сыйлайды. Мұнда барлық жастағы балалардың табысты іс-әрекеттері үшін тамаша жағдайлар жасалған, педагогтер балалардың зяиткерлігін сүйіспеншілікпен дамытады және оларды жаңа ақпараттық дәуірде Тәуелсіз өмірге дайындайды. Педагогтер балалармен түрлі дағдылар мен қарым-қатынас техникаларын үйретіп қана қоймайды. Дәл осындай сабақтардан кейін балалар өздерін тәуелсіз тұлға ретінде тани бастайды және ерте жастан шынайы өмірде немен шұғылданғысы келетінін түсіне бастайды.

Балалармен ынталы, білікті қосымша білім беру педагогтері жұмыс атқарады, олар балаларға өз жүректерін сыйлайтын, өз ісіне құштар – педагог -ұйымдастырушылар, концертмейстерлер. 47 педагогтің 14% жоғары санатты, 13% бірінші санатты педагогтер. 2015 жылы Орталық «Қазақстан Республикасының қосымша білім беру ұйымдарының алтын қоры» кітабына енгізілді.
Орталықтың үш ұжымы «Үлгілі балалар ұжымы» атағына ие («Ровесник» үлгілі балалар театры; «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблі; «Бэби-шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясы).

Педагогтердің жетістіктері республикалық және халықаралық деңгейдегі грамоталармен және дипломдармен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. 2019 жылы орталық «Үздік қосымша білім беру мекемесі» номинациясын жеңіп алғаны үшін ТМД елдерінің білім беру жүйесін халықаралық сараптамалық бағалаудың I дәрежелі дипломымен марапатталды.

Тәрбиеленушілердің түрлі саладағы жетістіктері орталықтың абыройы мен даңқын қолдайды. Соңғы 3 жылда Орталық ұжымдары 51 халықаралық, 85 республикалық, 42 облыстық, 41 қалалық байқауларға қатысып, тек қала мен облыста ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде де танымал.

«Әлем» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында балалар мен жастар қозғалыстарын ұйымдастыру және құру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде: «Жас көшбасшылар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы белсенді жұмыс атқаруда. Орталық базасында Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің оқушыларымен және жастарымен «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының Теміртау филиалы жұмыс істейді, «Sunny» тұлғаны дамыту орталығы (еріктілер қозғалысы) табысты жұмыс істейді.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін шешу үшін 2001 жылдан бастап Орталық базасында «Аяулы жүрек» қалалық шығармашылық фестивалі өткізілуде. Оған жыл сайын 6 жастан 20 жасқа дейінгі ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 150-170 бала: үйде оқитындар, қосалқы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, қамқорлықтағы балалар, қалалық мүгедектер қоғамының балалары қатысады.

2019 жылы бұл іс-шара «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамдық өмірге инклюзиялау» атты кең ауқымды қалалық форумға айналды. Форум барысында 7 іс-шара өткізілді, оған 700-ден астам адам қатысты. Іс-шара үлкен диалог алаңына айналды, онда елеулі талдау жүргізілді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы мәселелер көрсетілді.

«Силуэт» сән театрының (жетекшісі Миронова М.О., педагог Докаева А. Р.), «Антрэ» үлгілі хореографиялық ансамблі (жетекшісі Ложкина И.С., хореограф Булавка С.Г.), «Эдельвейс» спорттық би студиясының (жетекшісі Осипова О.А.) және т.б. педагогтері жоғары жетістіктерімен мақтана алады.

Сән театры – бұл театрдың, режиссура мен хореографияның сәнмен, подиуммен, стандартты емес қабылдау мен киім тенденцияларын түсінумен араласуы.

Педагогтер мен тәрбиеленушілердің көп жылғы еңбегінің нәтижесі «Силуэт» сән театры – 15 жылдық мерейтой!» атты орасан зор Fashion – көрсетілім болды.

«Әлем» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы инновациялық режимде жұмыс атқару үшін кең мүмкіндіктерге ие, Теміртау қаласының БАҚ-пен өзара табысты іс-қимыл жасауда. Орталық жаңалықтары үнемі барлық әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады. Мұнда – нағыз шеберлікке бастайтын бастапқы алаң.