Өнерлі бала сүйкімді

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы биік асуларды бағындыруға негізделген.

 «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, елдің болашағы сол елдің  өсіп келе жатқан жасөспірімдеріне тікелей байланысты.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  Жолдауында: «Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс» делінген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында 1-4 бастауыш сынып оқушыларының арасында «Менің тәуелсіз – Қазақстаным» тақырыбында сурет шығармашылығынан және 5-11 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік тұғыры» фото суреттер байқаулары  өтті.

Байқауларға № 2,4,5,7,9,10,11,12,15,17,19,20,22,24,31 мектептері мен әйелдер гимназиясы қатысты.

«Әлем»БЖО  жұмыстарды  жинақтап, баршалықтың назарына   көрме ұйымдастырды.

Жас өнерпаздардың әр түрлі номинацияларға байланысты салған суреттері мен фото суреттері таңдай қақтырарлық болды.

Әділқазылардың  айтуынша, жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты. Оқушылардың еңбектерінің  өзіндік нақышы бар, композициялық шешімдері ерекше. Олар Тәуелсіздік жетістіктерін бір ғана суреттің ішіне сыйғызып, көрнекілік тілмен жеткізуге тырысқан.

Іс-шаралар қорытындысы ретінде «Әлем» БЖО халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Б.Т. Бельгибаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіресін мәңгілік» атты  марапаттау кеші ұйымдастырылды. Кеш соңында байқау жеңімпаздары мен  қатысқан оқушыларға  және олардың жетекшілеріне  мақтау қағаздары, алғыс хаттар, әр балаға сыйлықтар табысталды.

Бір жылға жоспар құрсаң егін ек,

Жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек,

Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле, деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелесек егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек.

Теміртау қ.«Әлем»БЖО-ның директоры:  И. А. Тихомирова.