Өнерлі бала өрге жүзер

2017 жылдың 17 қаңтарында «Әлем» балалар — жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушыларының арасында «Зимняя радуга чудес» атты фестиваль – байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты өсіп келе жатқын жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие бере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқауға қаламыздың және Ақтау кентінің мектептерінен бастауыш сынып оқушылары «Жас қыран» ұйымы мен 5 – 11 сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері белсене қатысты. Байқауда қала бойынша 22 мектептен 120 оқушы өнерлерін көрсетті.

Бұл фестиваль – байқаудың шарты бойынша оқушылар вокалдық жанрда, хореографиялық жанрда және өлең оқу жанрында сынға түсті. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп дана халқымыз тегін айтпаған. Әр баланың өзінің бойына біткен ерекше таланты болады. Соның бірі – өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышын келтіріп өлең оқу кез – келген жанға бұйыра бермейтіні бізге мәлім. Біздің оқушылар осындай ерекше қасиеттерді қастерлеп, өз өнерлерін жан – жақты көрсете білді.

Осы байқауда оқушылардың шығармашылық өнерін арнайы шақырылған әділқазылар таразылады. Атап айтсақ, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің хореографы Булавка Светлана Георгиевна, «Бэби Шлягер» эстрадалық би ансамблінің жетекшісі Помазай Олеся Анатольевна, «Мирас» вокалдық аспаптық ансамблінің жетекшісі Шаймерденова Құралай Жүнісовна.

Хореографиялық жанр бойынша «Жас қыран» ұйымының оқушылары №5 ҚОМ 4 сынып оқушылары «Бәйге» биімен І орынды қанжығалады. «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларының арасынан І орынды №1 гимназия, №14 МЛ, №10 ЖББОМ биші қыздары мен ұлдарына бұйырды. ІІ орынды №31 ЖББОМ, №29 ЖББОМ, №24ЖББОМ мың бұралған бишілеріне бұйырды. ІІІ орынды №32 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №23 ЖББОМ бишілері иеленді.

Вокалдық жанрда «Жас қыран» ұйымының оқушыларының арасында І орынды Әйелдер гиманзисының 1 сынып өнерпаздары жеңіп алды. Сонымен қатар ІІ орынды №3 ЖББОМ, №19 ЖББОМ, №27 ЖББОМ әншілеріне бұйырды. «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларының арасынан І орынды №2 ЖББОМ, №11 ЖББОМ өнерлі оқушылары иеленді. ІІ орынды №16 ЖББОМ, №4 ЖББОМ, №1 ЖББОМ келген өнер қырандарына бұйырды. ІІІ орынды №6 ЖББОМ, №7ЖББОМ әнші оқушылары иеленді.

Өлең оқу жанрында №9 М Л, 9 «А» сынып оқушысы Дәулетбекқызы Алипа ІІ орын иеленді.

Оқушыларды байқауға дайындаған мұғалімдердің де еңбектері еленіп, Теміртау қаласы білім беру бөлімінің мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.