10-тамыз - "Абай күні"

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың артына қалдырған сөз өнері мен ән өнері – халық жадында сақталған асыл мұра. Сол мұраны болашақ ұрпақ санасына құйып, мәңгілік қастерлеп өту – біздің міндетіміз. Бүгінгі күн, яғни, 10-тамыз – “Абай күні” деп жарияланғаны да баршамыз үшін қуанышты жаңалық болып отыр. Ендеше, “Әлем” балалар-жасөспірімдер орталығы, “Маска” театр үйірмесінің жетекшісі Жақсылық Гүлғайша барша қазақ елін айтулы мерекемен құттықтайды.