Ақиық ақын-Мұқағали

8 ақпанда «Әлем» БЖШО мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ақиық ақын-Мұқағали» тақырыбында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектеп оқушыларының арасында челлендж өтті. Челленджге қатысушылар ақын өлеңдері мен  ақынға  арнауларын оқыды.

Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.