16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған “Қыран елім - Қазақстан” фестиваль-байқауы өтті

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған “Қыран елім – Қазақстан” фестиваль-байқауы өтті. Фестивальде қаламыздың 13 мектебінен келген оқушылар ән-би номинациялары бойынша өнер көрсетіп, өзара додаға түсті. Барлық қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Іс-шара барысында “Асыл” қазақ би ансамбілі (Тлепова Т.Д), “Антрэ” ҮЭБА(Ложкина И.С.), “Бэби Шлягер” ҮБС(Кулакова О.А.), “Миркл” БӘБТ (Шактаева М.А., Коробкина С.В) білімалушылары мерекелік ән-биден шашу сыйлады.Мереке құтты болсын!