17 наурыз мектеп оқушылары арасында “Жігіт Сұлтаны - 2023” байқауы өтті

17 наурыз мектеп оқушылары арасында “Жігіт Сұлтаны – 2023” байқауы өтті. Байқауда “8 ЖББМ”КММ оқушысы Зарипбаев Алижан Бас жүлдені, “9МЛ”КММ оқушысы Досанов Ербол І орынды, “Ғ.Мұстафин ат. ЖББМ”КММ оқушысы Жалғасов Ұласқан ІІ орынды, “10 ЖББМ”КММ оқушысы Куанышев Бикет пен ”4ЖББМ”КММ оқушысы Ерғали Темирлан ІІІ орынды жеңіп алды. Іс-шара барысында “Асыл” қазақ биі ансамбілі (жетекшісі Тлепова Т.Д), “Бэби Шлягер” үлгілі балалар студиясы (жет. Кулакова О.А.), “Мұрагер” домбыра студиясы (жет. Баилова М.К.), “Мирас” вокал ансамбілі (Төлегенқызы О.) өнер көрсетті.