23 қазанда Теміртау қаласында Республика күніне арналған “Туған елім-Қазақстан” мегачелленджі өтті. Қаланың мәдениет сарайында мектеп оқушылары, қосымша білім беру ұйымдарының мамандары, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасының әнұраны мен Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнін орындады. Бұл іс-шара біртұтас тәрбие бағдарламасының ұлттық құндылықтарын сақтау және жеткізу мақсатында ұрпақтарды біріктіре отырып, еліміз үшін бірлік пен мақтаныштың символына айналды.