28 ақпан «Әлем» БЖО 1 наурыз «Алғыс айту» күні, «Нұр Отан» партиясы күні және «Ангел мой» қоғамдық бірлестігіне 10 жыл мерекелеріне арналған іс-шара өтті

28 ақпан «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында 1 наурыз «Алғыс айту» күні, «Нұр Отан» партиясы күні және «Ангел мой» қоғамдық бірлестігіне 10 жыл мерекелеріне арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға Теміртау қалалық “Нұр Отан” партиясы филиалы төрағасының орынбасары Хавалхан Хунанбай Хавалханұлы қатысып, орталықтың педагогтері Колганова Елена Леонидоавнаға, Савенкова Ольга Алексеевнаға, Пономарева Ирина Александровнаға азаматтық белсенділігі және«Нұр Отан» партиясы мерекесі күніне орай Алғыс хаттар табыстады.
«Ангел мой» қоғамдық бірлестігі 10 жыл уақыт арасында «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығынмен тығыз байланыста болып, көптеген іс-шараларды бірлесе ұйымдастырып келеді.
Сонымен қатар, мерекелік шара барысында Теміртау қаласы білім беру бөлімінің қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бикмухаметова Маргарита Владимировна елеулі еңбектері үшін Ашимова Фания Абрамовна мен Попова Нина Анатольевнаны Алғыс хатпен марапаттады.
Мерекелік шараға қаламыздың ақсақалдар ұйымының төрағасы Ордабаев Бірлік Байкемалович бастаған зейнеткерлер қонаққа шақырылды.
Шара барысында Рзагали Нурсая «Аспандағы айым» әнін, Кирилл Бабич пен Галина Щеголева «Вальс» биін, Кобцева Мария «О маме», Русаков Давид «О бабушке» өлеңдерін оқыса, Матюшиндар жанұясы «Мы желаем счастья вам» әнін орындады. «Шедевр» хореографиялық ансамблі мерекелік шараға өз би шашуларын арнады.
Орталықтың ҮЭБА«Антрэ» (Ложкина И.С.,Булавка С.Г.), ҮБЭС «Бэби шлягер»(Помазай О.А.), ЭӘТ «Миркл»(Шактаева М.А., Коробкина С.В.) тәрбиеленушілері келген қонақтарды өнерлерімен тәнті етті.
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Бельгибаева Б.Т.