31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Өткен ғасыр қазақ халқы үшін ауыр нәубет пен қасіреттерді, «екінші ақтабан шұбырындыны» кешу ғасыры болды. Тарих қатпарларында қаншама жазықсыз төгілген көз жас пен аққан қан қалды. Кеңес өкіметінің қолдан күштеп ұжымдастыруымен Қазақ жерінде бір емес үш бірдей ашаршылық болды.
1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)
1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам)
1946 жылдары болған аштық.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.