Қарты бардың – қазынасы бар

   Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың  өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары өскелең ұрпақ үшін орны бөлек. Себебі, әрбір қариямыздың Отанымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен.

1 қазан  – Қарттар күні мерекесі қарсаңында Теміртау қаласының  «Әлем» Балалар – жасөспірімдер орталығында  «Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі Нұрлан Жазира Зияденқызының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік  шара өтті. Шараға қала қарттары шақырылып, үйірме тәрбиеленушілері мен «Мирас» үйірмесінің өнерпаздары ізгі тілектерін, өлең шумақтарын және ән шашуларын арнады.

Бұл мереке сұлу табиғатымыздың мол өнім беретін, күннің жұмсақ сәулесімен қуантатын, алтын күз шағымен тұспа-тұс келетін кезеңде аталады.  Біз өнеге тұтып, әлі де ақыл-кеңес, тәжірибе алатын, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білген аға ұрпақтарымызға бас иетін күн.

Талай жас буын тәрбиелеп, ізбасарларын өсірген, қарияларымызға берген ізгі тәлім-тағылымдарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!

Теміртау қаласының  «Әлем» БЖО КМҚК  әдіскері:     Б.Т.Бельгибаева

,