«Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» отрядтары мүшелерін құттықтау салтанатты рәсімі өтті

«Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» отрядтары мүшелерін құттықтау салтанатты рәсімі өтті. Жеңімпаздар «Жыл көшбасшысы», «Оқу озаты», «Жыл спортцмені», «Жыл блогері», «Жыл дарыны» номинациялары бойынша марапатталды.
Шара барысында қазан айында «Жас Ұлан» отрядтары мүшелерінің арасында SportFest Теміртау – 2019 «Бірінші болу батылдық» атты өткен спорттық шараның сайыкерлерін қаламыздың дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Есимханов Д.Ж. құттықтап, марапаттады.
Әдіскер Бельгибаева Б.Т.