«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері шуақты жазды көңілді өткізуді жалғастыруда

«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері шуақты жазды көңілді өткізуді жалғастыруда. Үйірме жетекшісі Бельгибаева Б.Т. мен  «Шығыс» мәдениет және демалыс саябағының әдіскері Кравченко С.А. ұйымдастыруымен «Қазынаны тап» ойынын ойнады. Ойын барысында балалар түрлі тапсырмаларды орындап, кедергілерден өтіп, соңында қазынаны тауып, тәтті сыйлыққа ие болды.

https://youtu.be/01-bvRnhuBQ