Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін

2021 жылдың 5 тамызында “Әлем” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының педагогтары “Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін” атты республикалық конференцияға қатысты. Конференция 20 – онлайн диалог алаңдарында өтті және қосымша білім берудегі ең қажетті және қызықты бағыттарды қозғады .

Сонымен қатар педагогтер үшін қызықты және мазмұнды шеберлік сыныптары өткізілді.

Конференцияға қатысуға мүмкіндік берген ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына / жетекшісі Р.П. Шерге үлкен рахмет.