Орталықтың Ақтау кентіндегі филиалында үйірме тәрбиеленушілері арасында “Күз ханшайымы-2021” байқауы өтті

Орталықтың Ақтау кентіндегі филиалында үйірме тәрбиеленушілері арасында “Күз ханшайымы-2021” байқауы өтті. Байқау қортындысы бойынша “Күз ханшайымы-2021” номинациясын “Жас қалам” әдеби үйірмесінің тәрбиеленушісі Қуанған Феруза. “Сәнқой ханшайым” номинациясын “Жас эколог” үйірмесінің тәрбиеленушісі Баатарбек Сайран, “Инбатты ханшайым” номинациясын “Грация” би үйірмесінің тәрбиеленушісі Тілеубердіқызы Айзере, “Сүйкімді ханшайым” номинациясын “Мир в красках” бейнелеу өнері үйірмесінің тәрбиеленушісі Пашина Карина, “Ақылды ханшайым номинациясын “Happy English “ ағылшын тілі үйірмесінің тәрбиеленушісі Адилькешева Сабина, “Өнерлі ханшайым” номинациясын “Ақжелең” домбыра үйірмесінің тәрбиеленушісі Хурсхан Назерке, “Шебер ханшайым” номинациясын “Атамекен” ұлттық өнері мен тіл үйірмесінің тәрбиеленушісі Хыдырпатша Аймерей жеңіп алды. Ханшайымдарға мадақтама қағаздары мен тәтті сыйлықтар табысталды.