«Қызыл телпек» және «Үнемшіл құмырысқа»

31 қазан күні «Әлем» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының 55 жылдық мерейтойына орай «Талапкер» тіл дамыту орталығының тәрбиеленушілері «Қызыл телпек» және «Үнемшіл құмырысқа» атты ертегілерден театрландырылған көрініс көрсетті.
Балалар барынша қазақ тілінде сөйлеп, өздерінің тілге деген ынталары мен қабілеттерін таныта білді.