«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесі, «Талапкер» қазақ тілі орталығы, «Балдырған» тұлғаны дамыту орталығы қаламыздағы өлкетану музейіне саяхатқа барды

«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесі, «Талапкер» қазақ тілі орталығы, «Балдырған» тұлғаны дамыту орталығы қаламыздағы өлкетану музейіне саяхатқа барды. Іс-шара барысында білім алушылармен музей қызметкерлері квест ойындарын өткізді. Балалар өте жақсы, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Музей әкімшілігі мен қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамыз.