Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығының «Жаз-2015» орталығында қала мектептерінің сауықтыру алаңдарында демалып жатқан балалардың арасында «Аялдамаларға саяхат» ойын-сайысы болып өтті.
Сайысқа № 6,10, 17,19, 22,23, 24 ЖББОМ мектептерінен келген топтар қатысты.
Сайыстың шарты бойынша әр топқа саяхат картасы таратылып беріліп, топтар 7 аялдамадан өтіп ұпай жинау керек болды.
Әр аялдамада топтарды орталықтың педагогтері әр түрлі тапсырмалармен тосып алды.
Атап айтсақ, «Ертегілер еліне саяхат»аялдамасы. Бұл аялдамада балалар мазайка құрастырады. Суреттегі көрініс қай ертегіден екенін анықтайды. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
«Есімдер» аялдамасы. Бұл аялдамада балалар берілген әріптер бойынша кісі аттарын құрастырады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
«Ойнайық та ойлайық» аялдамасы. Бұл аялдамада балалармен әр түрлі ойын ойындар ойнатылады. Ұйымшылдықпен ойнаған топтар 5 ұпайлық жүйемен бағаланды.
«Ән шырқайық бәріміз» аялдамасы. Бұл аялдамада баянда әр түрлі әуендер ойналып, балалар қай әннің әні екенін тауып, бірге орындайды. 5 ұпайлық жүйе бойынша бағаланды.
«Жұмбақ – ертегі» аялдамасы. Бұл аялдамада балалар ертегілерге байланысты сканворд, красвордтарды шешіп, оқылған үзіннің қай ертегіден екенін табулары шарт. Тапсырмаларды толық орындаған топқа 5 ұпай беріліп отырылды.
«Конструктор» аялдамасы. Балаларға ақ қағазға жазылған сөз беріледі. Сол сөздегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрастырады. Әр сөзге 1 ұпай.
«Биле, биле» аялдамасы. Хореографтың көрсеткен қимылдарын қайталап музыкамен билеп шығады. Әр түрлі әуендерге би биледі.
Ойын-сайыстың қорытындысыда әр топтың жинаған ұпайлары есептеліп, сол бойынша орындар тағайындалды. І орынды № 6,19 ЖББОМ, ІІ орынды № 22 ЖББОМ, ІІІ орынды № 24,10,17,23 ЖББОМ –нан келген балалар қанжығаларына байлады. Әр топқа мадақтамалар және тәтті сыйлықтар берілді.
Халық шығармашылығы және қазақ тілін насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева