«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігігінің-25 жылдық мерекесіне орай «Менің елім-Мәңгілік ел» атты патриоттық ән-би байқауы болып өтті. Байқауды «Теміртау қалалық білім беру бөлімі»ММ мен «Әлем» БЖО» МКҚК бірігіп ұйымдастырды. Отансүйгіштікке, патриоттыққа, эстетикалық тәрбие беруге мақсатталған байқауға 19 мектептің 31оқушысы қатысты. Қатысушылар 5-8 сынып оқушылары және 9-11 сынып оқушылары аралықтарында өзара бақ сынасты.
Байқау барысында қазақ және орыс тілдерінде патриоттық әндер шырқалып, Қазақстан Республикасының халықтар билері биленді.
Оқушылардың өнерлерін арнайы шақырылған әділқазылар алқасы таразылады.
Атап айтсақ, Теміртау қ.білім беру бөлімінің әдіскері Утегалиева Нүргуль кайыржановна. Қаламыздың әншісі, Мәдениет үйіндегі «Теміртау жас таланттар» үйірмесінің жетекшісі Сақаба Айбек. №2 Балалар музыка мектебінің вокал сыныптарының мұғалімі Томбовцева Алина Викторовна. «Жас сұңқар», «Жас қанат», «Елім-ай» облыстық байқауларының Бас жүлделерінің иесі, қаламыздың жас әнші-актері Абай Ясирұлы. «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамбілінің жетекшісі Булавка Светлана Георгиевна.«Эдельвейс» спорттық билер студиясының жетекшісі Осипова Оксана Александровна.
Қорытындысында 5-8 сынып оқушылар арасында ән айтудан «Бас жүлдені» «Алға, Қазақстан» әнімен «№4 ЖББОМ» КММ оқушысы Омарова Балнұр иеленсе, би билеуде «Андижанская полька» биімен №15 қазақ-гимназиясының бишілер тобына бұйырды. 9-11 сынып оқушыларының аралығында ән айтудан «Күнге табыну» әнімен «№5 ҚОМ» КММ оқушысы Каманова Жанель ұтып алды.
Байқау соңында барлық орын алған және белсене қатысқан оқушыларға мадақтама қағаздары мен тәтті сыйлықтар табысталды. Оқушыларды байқауға дайындап алып келген мұғалімдер де еңбектері үшін мадақтама қағаздарымен мадақталды.
Халық шығармашылығы және мемлекетті тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер
Бельгибаева Ботагөз Толеубаевна