«Балдәурен» вокалды тобының 2015-2016 оқу жылында жүргізілген іс-шараларының есебі

Вокалдық топ жетекшісінің мамандығы педагогикалық,тәрбиелік,ұйымдастырушылық,әдістемелік,орындаушылық дағды мен біліктілік жұмыстарының басын біріктіріретін әр-түрлі іс-әрекеттерді құрайды.

Аты аталған бағыттар топ жетекшісінің тікелей жұмысында музыкалық өнер тәсілдеріне,балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру және оның арнайы мақсаттарын шешу барысындағы музыкалық-орындаушылық біліктілік пен дағдыларына тығыз байланысты.Музыкалық өнер көп жағдайда жеке бастың талпыныс,құлшынысын қолдайды,сезімін,ойларын,іс-әрекеттерін дамытып,оны қанаттандырады.

Жас ұрпақты қазақ халқының дәстүрінде,әдет-ғұрпында тәрбиелеу,олардың көзқарасын қазақ халқының өмірімен, тұрмысымен, шығармашылығымен,шеберлігімен,өнерімен танысу арқылы кеңейтуді басшылыққа алып отырған «Балдәурен» вокалдық тобының балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда орындаған іс-шаралар: «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алар кемеңгерді», «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Ержүрек азаматтар мен парасатты арулар», «Ән әлеміне саяхат», «Қайсар ұрпақтың көз жасы», «Нурыз-гүл көктем» атты тәрбие сабақтары үнемі өткізіліп отырылды.

Қарағанды қаласында өткізілген Республикалық «Звездный листопад» ән байқауына қатысып «Балдәурен» вокалды тобының тәрбиеленушісі І дәрежелі лауреат атағын иемденді.

Теміртау қаласында өткізілген «Гүлдене бер,Қазақстан» патриорттық әндер байқауында Адылхасынов Ерсейіт ІІІ-орын,Садирханов Алмат ІІ-орын,Фермебай Куаныш ІІ.Қалалық «Мұқағали оқулары» Шаизов Ильяс диплом. «Патриоттық ән-би кені» қалалық байқауда Садирханов Алмат ІІІ-орынға ие болды. Қалалық «Бала сұлтаны» байқауында Дінисламбекұлы Ақтілек І-орын алды.

Қалалық «Мәңгілік ел» патриоттық ән байқауында Парахатов Айдос ІІ-орын алды. Қазыбекова Назерке Халықаралық дистанщиондық олимпиадада ІІІ-орын.Республикалық «Жандану әлемі» қорының қолдауымен өткізілген «Бала дауысы» байқауында жүзден астам қатысушылардың арасынан үздік үштікке кірдік.

«Әлем» БЖО-да өткізіліп отыратын іс-шараларға үздіксіз үнемі қатысып отырамыз. Қалалық, облыстық, Республикалық ән,өнер байқауларында үнемі жүлделі орындарға қол жеткіземіз. Алдағы уақыттан үмітіміз көп.