Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің сауықтыру алаңдарында демалып жатқан балалардың арасында «Аялдамаларға саяхат» ойын-сайысы болып өтті.
Сайысқа №2, 6,9, 19, 23 ЖББОМ мектептерінен келген топтар қатысты.
Сайыстың шарты бойынша әр топқа саяхат картасы таратылып беріліп, топтар 7 аялдамадан өтіп ұпай жинау керек болды.
Әр аялдамада топтарды орталықтың педагогтері әр түрлі тапсырмалармен тосып алды.
Атап айтсақ, «Ән шырқайық бәріміз» аялдамасы. Бұл аялдамада баянда әр түрлі әуендер ойналып, балалар қай әннің әні екенін тауып, бірге орындайды. «Словарики» аялдамасы. Балаларға ақ қағазға жазылған сөз беріледі. Сол сөздегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрастырады. «Биле, биле» аялдамасы. Хореографтың көрсеткен қимылдарын қайталап музыкамен билеп шығады. Әр түрлі әуендерге би биледі.«Театральная» аялдамасы. Әр түрлі образдарды сомдап, әртістіктерін көрсете білді.«Активист» аялдамасы. Балалар ұйымшылдықпен қазақ, орыс тілдерінде жаңылтпаштар айтып шешендіктерін көрсетті.«Полиглот» аялдамасы. Мұнда балалар жұмбақ шешіп, шешуін үш тілге аударып білімдерін көрсетті.«Спортивная» аялдамасы. Бұл аялдамада балалар спорттық жаттығулар жасап, өзара сайысты.
Ойын-сайыстың қорытындысыда әр топтың жинаған ұпайлары есептеліп, сол бойынша орындар тағайындалды. «Бас жүлдені» №9 мектеп-лицейі, І орынды № 23 ЖББОМ, ІІ орынды № 2,6,19 ЖББОМ қанжығаларына байлады. Әр топқа және жетекші мұғалімдерге мадақтамалар берілді.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева